Құрметті студенттер!
2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне (жеңілдетілген шарттармен) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға конкурс жарияланады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- 2 және 3 курс студенттері болу қажет;
- 2.75-тен жоғары GPA;
- Ағылшын тілін білу деңгейі B2 (Upper - intermediate) төмен емес.
Қажетті құжаттар:
- Ағымдағы үлгерім туралы Транскрипт (офис-тіркеушіден алу қажет; 1 корпус,33 каб);
- Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады): халықаралық жүйе арқылы алынған шет тілін білетінін растайтын сертификат; сертификат IELTS 6.0 және одан жоғары, (internationalmetu@gmail.com почтаға жіберу керек);
- Білім алушының өтініші.
Құжаттарды қабылдау 15 мамырға дейін жүзеге асырылады.
Барлық сұрақтар бойынша:
Халықаралық ынтымақтастық департаменті: 1 корпус, 73 кабинет

Құрметті студенттер!
2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде оқуға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ашылды.
Қатысушыларға қойылатын талаптар (Жоғары оқу орындары арасында білім беру қызметтерін көрсету бойынша өзара ынтымақтастық туралы шарт міндетті түрде қажет):
- 2 және 3 курс студенттері болу қажет;
- 2.75-тен жоғары GPA;
Қажетті құжаттар:
- Ағымдағы үлгерімі туралы Транскрипт (офис-тіркеушіден алу қажет; 1 корпус,33 каб);
- Оқу келісімі, (МИТУ-да оқитын пәндердің айырмашылығы және қашықтықтан оқыту курстары эдвайзермен және кафедра меңгерушімен келісу қажет);
- 3 жақты келісім-шарт 2 тілде немесе тек қаз тілінде, 3 дана;
- Студенттің жеке оқу жоспары;
- Кафедрадан білім алушыға ұсыныс хат;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Білім алушының өтініші.
Құжаттарды қабылдау 10 қарашаға дейін.
Барлық сұрақтар бойынша:
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент: 1 корпус, 61 кабинет
zhenisova.a@metu.kz
ҚР жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы шарт
№
|
Жоғары оқу орны атауы
|
Қала
|
1
|
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
|
Астана қ.
|
2
|
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті
|
Орал қ.
|
3
|
М. Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті.
|
Тараз қ.
|
4
|
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
|
Қызылорда қ.
|
5
|
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
|
Шымкент қ.
|
6
|
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
|
Талдықорған қ.
|
7
|
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.
|
Ақтау қ.
|
8
|
О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
|
Жезқазған қ.
|
9
|
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
|
Өскемен қ.
|
10
|
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
|
Қостанай қ.
|