Жастар саясаты мәселелері департаменті пәндерді оқытудың сапасын арттыру, олардың оқу-тәрбие процесіндегі күшті және әлсіз жақтарын талдау мақсатында студенттер мен магистранттар арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізіп отырады.
Сауалнама нәтижелері бойынша кемшіліктерді анықтау және университеттің білім беру сапасын жақсарту мақсатында университет басшылығына аналитикалық есеп дайындалады. Барлық сауалнамалар анонимді түрде жүргізіледі және тест нәтижелері респонденттердің болашақ жағдайына ешқандай әсер етпейді.