Басты бет Бөлiмшелер Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік Академиясы


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫ»

Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) – Қазақстандағы ғылыми-инженерлік қызметті үйлестіретін және дамытатын ірі және беделді бірлестік. Академияның жоғары әлеуетінің негізі – оның құрамына кіретін елдің жетекші ғалымдары мен инженерлері, өндірістік мамандар, мемлекеттік қызметкерлер, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті басқару органдарының, жоғары оқу орындарының, салалық ғылыми-зерттеу институттарының, өндірістік бірлестіктердің, мемлекеттік және жеке сектор кәсіпорындарының және ұйымдарының жетекшілері. ҚР ҰИА-ның құрметті академиктері мен сыйлықтар мен марапаттардың лауреаттары Ресей, АҚШ, ЕО елдері, Пәкістан, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея және әлемнің басқа елдерінің көрнекті ғалымдары мен инженерлері болып табылады. Инициативті мүшелік құқығымен Академияға шамамен 150 ғылыми-зерттеу институттары, ЖОО, акционерлік қоғамдар, компаниялар, өндірістік кәсіпорындар және ұйымдар кіреді.

Академия құрылымында жетекші аймақтық университеттер негізінде ұйымдастырылған 12 облыстық филиалдар, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейтін 35 ғылыми-техникалық және инженерлік орталықтар бар. Академияның 12 салалық бөлімдері елдің экономикалық даму басым бағыттарын қамтиды: сәулет, құрылыс және құрылыс материалдары, есептеуіш және ақпараттық технологиялар, геология және тау-кен өндірісі, агроөнеркәсіптік кешенді инженерия, машина жасау, космостық техника мен технологиялар, мұнай-химиялық технологиялар, тамақ өнеркәсібі, халық тұтыну тауарлары, көлік және коммуникациялар, экология, экономика, энергетика және энергия үнемдейтін технологиялар.

Академия 1991 жылғы қарашада Кеңес Одағы Инженерлік академиясының Қазақ бөлімшесі ретінде құрылды, ал Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуымен Ұлттық инженерлік академияға қайта құрылды. Академияны құру бастаушылар елдің ғылымы мен инженериясының үздік өкілдері болды, олар республиканың экономикасына, білім беру және ғылымына үлкен үлес қосты. Бірінші бастамашылар қатарында А.А.Абдулин, К.М.Аухадиев, С.М.Байболов, У.Б.Баймуратов, Ш.Х.Бекбулатов, Г.Р.Бекжанов, А.В.Болотов, Ф.Х.Галимов, У.А.Джолдасбеков, А.Ч.Джомартов, Б.Т.Жумагулов, Т.Ж.Жунусов, Х.Р.Казыханов, У.К.Караманов, С.М.Кожахметов, А.А.Кулибаев, Н.К.Надиров, Б.Г.Нуржанов, М.Е.Нурумов, Б.П.Паримбетов, И.Р.Полывянный, О.С.Сабденов, А.А.Скаков, С.Т.Такежанов, Я.С.Тлевлесов, М.Ф.Уркумбаев, А.Усенов.

Академия президенті – көрнекті қазақ ғалымы-математик, мемлекеттік қызметкер, академик Б.Т.Жумагулов.

Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының қызметі фундаменталды және қолданбалы ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жүйелі түрде жоюға, ғылымды нақты өндірістік күшке айналдыруға, елдің технологиялық дамуы үшін инновациялардың негізгі көзіне, интеллектуалды капиталды тиімді қайта өндіруге, ғылымды Қазақстан экономикасына енгізуге бағытталған. Академияның басты мақсаты – Президенттің – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыруға, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының жедел бағдарламасына отандық ғылымның тиімді қатысуын қамтамасыз ету.


Жобалар

Жоба туралы жалпы ақпарат


Жоба тақырыбы: 
Кватерниондық Фурье түрлендірулерін құру және зерттеу және оны геофизика және геохимия мәселелері үшін ақпараттық жүйелер құруда қолдану (IRN AP14871252)

Ғылымды дамыту басым бағыты: 
Ақпараттық, коммуникациялық және космостық технологиялар;

Мамандандырылған ғылыми бағыт, зерттеу түрі: 
Жоғары өнімді есептеуіш технологиялар; Геоақпараттық технологиялар мен жүйелер; Зерттеу саласы: Табиғи ғылымдар; Зерттеу түрі: Қолданбалы зерттеулер;

Ғылыми жетекші: 
Жобаның ғылыми жетекшісі – Темірбеков Н.М., ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР ҰИА академигі.

Жоба 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларға гранттық қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады, сондай-ақ «Корпорация ГеоПроект» ЖШС-ның қосымша қаржыландыруымен жүргізіледі.


Жоба туралы жалпы ақпарат


Жоба тақырыбы: Көпфазалық сұйықтықтың порозды ортадағы қозғалысын белгісіздік жағдайында жоғары өнімді компьютерлік модельдеу.

Қолданыстағы физикалық процестер мен әсерлерді математикалық сипаттау әдістемелері көбінесе көпфазалық сұйықтық фильтрациясының теңгерімсіздігін және стохастикалығын ескермейді. Ал көпкомпонентті (композициялық) модельдегі қарастырылатын процестердің физикалық табиғаты, жылу және масса алмасу процестерін ескере отырып, барлық компоненттердің жалпы тепе-теңдік жағдайына және импульстік әсер ету сәтіне байланысты болады.

Жоба туралы жалпы ақпарат


Жоба тақырыбы: «Активті білімдер концепциясын, GAN-ды қоғамдық кеңістіктердің сандық егіздерін құру міндетіне қолдану, төтенше жағдайларды жою кезінде шешім қабылдауды қолдау»

Жетекші: PhD, Лебедев Д.В.

Жоба туралы жалпы ақпарат


Жоба тақырыбы:

Жоғары өнімді, параллельді 3D сандық алгоритмін әзірлеу және жүзеге асыру, қатты бөлшектердің динамикасын үлкен және кіші масштабты турбулентті ағыста изотермиялық емес жағдайларда модельдеу.

Зерттеу объектісі, разработка немесе жобалау

Зерттеу объектісі – қатты бөлшектердің динамикасы үлкен және кіші масштабты турбулентті ағыста изотермиялық емес жағдайларда.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштер

Жоғары және төмен температуралы турбулентті ағыста газдық ортадағы қатты бөлшектер динамикасының математикалық модельдерін әзірлеу және жүзеге асыру биомедицина саласындағы мамандарға, экологтарға және өндіріс өкілдеріне модельдеу нәтижелерін қолдану мүмкіндігін береді, олар шағын бөлшектер, шаң, вирустар және басқа заттардың жабық және ашық кеңістіктегі қозғалысын болжау және бағалау үшін нәтижелерді қолдана алады. Мұндай процестерді математикалық модельдеу дәрілік препараттар өндірісімен байланысты кейбір процестерді терең түсінуге ықпал етеді.

Тиімділік

Математикалық модельдерді әзірлеу және жүзеге асыру нәтижелерді кейбір апаттық жағдайларда, ластанушы заттардың тасымалы, бөлшектердің жабық кеңістіктегі қозғалысы, заттардың ашық және жабық кеңістікте таралуы, фармацевтика, өндіріс секторы және т.б. жағдайларда қолдану бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Қолдану саласы

Жобаның зерттеу нәтижелері атмосферада қоспалардың таралу процестерін, дәрілік препараттар өндірісін, ашық және жабық кеңістіктегі вирустардың таралуын зерттеуге байланысты жаңа технологияларды әзірлеуге айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Жоба туралы жалпы ақпарат


Жоба тақырыбы: Аномалияларды интеллектуалды анықтау әдістеріне негізделген геоақпараттық жүйе модулін әзірлеу, жер қойнауын терең зерттеу (IRN AP08856012)

Жобаның жетекшісі: Темірбеков Нұрлан Мұханович, ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті

Ғылымды дамыту басым бағыты: Ақпараттық, телекоммуникациялық және космостық технологиялар

Бұл жоба геоақпараттық жүйенің бағдарламалық модулін әзірлеуге бағытталған, ол жер қойнауын терең болжамды-зерттеу модельдеуге арналған жасырын кен орындарының аномалияларын интеллектуалды анықтау әдістеріне негізделген. Бағдарламалық модульдің жұмысы кері мәселелер теориясын қолдану арқылы математикалық геофизикада, жер бетіндегі геологиялық деректер, геофизикалық өлшемдер және геохимиялық талдаулар сияқты кіріс деректер негізінде жүзеге асырылады. Әзірленіп жатқан бағдарламалық модуль геохимиялық және геофизикалық бөліктерден тұратын кешенді болжамды-минерагендік модельге негізделген, ол жер қойнауын аймақтық геологиялық зерттеуге бағытталған, атап айтқанда жер қыртысының терең бөліктері.

Жоба 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруымен және «Даке барлау» ЖШС-ның қосымша қаржыландыруымен жүзеге асырылады.

Жоба туралы жалпы ақпарат


Жоба тақырыбы: Сұйық фазалы көпкомпонентті жүйелердің реологиялық параметрлерін жаңа типтегі реовискозиметрді қолдану арқылы анықтаудың жаңа тәсілін әзірлеу және жүзеге асыру (IRN AP08856723)

Ғылымды дамыту басым бағыты: Табиғи ресурстарды, соның ішінде су ресурстарын рационалды пайдалану, геология, өңдеу, жаңа материалдар мен технология, қауіпсіз өнімдер мен конструкциялар.

Мамандандырылған ғылыми бағыт, зерттеу түрі: Химиялық ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулер.

Ғылыми жетекші: Мун Григорий Алексеевич, х.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

Жоба 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларға гранттық қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады, сондай-ақ ИП «Байпакбаева» қосымша қаржыландырады.


Байланыстар

+7 727 339 12 84
nia_rk@mail.ru
050060, Алматы қ., Қожанова көшесі, 67, 6-қабат