Басты бет Бөлiмшелер Жастар саясаты департаменті
Жастар саясаты департаменті

Сабыржанова Әсем
Ерланқызы


Жастар саясаты департаментінің директоры

Булатова Маржан
Шахмарданқызы


Жастар саясаты департаментінің маманы

Серсанғалы Арайлымриза
Кайратқызы


Студенттік ректор

Жастар саясаты департаменті МИТУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол қоғамдық, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастырады және студенттермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Университеттегі қоғамдық-тәрбиелік жұмыс тікелей департамент басшылығымен жүзеге асырылады.

●   Жастар саясаты департаментінің міндеттері

 Жастар саясаты департаментінің қызметі өз мақсатына сәйкес мынадай міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:

  • студенттермен әлеуметтік қорғауды және қолдауды, тұрмыстық жағдайды жақсартуды, сауықтыруды, дене шынықтыру-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру;
  • тәрбие жұмысын, мәдени-бұқаралық және шығармашылық қызметті ұйымдастыру және жүргізу;
  • университет студенттерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
  • бірінші курс студенттерінің оқу қызметі жағдайларына сәтті бейімделуін қамтамасыз ету;
  • қазіргі өмір жағдайында адамгершілік және рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған оңтайлы мәдени ортаны қалыптастыру;
  • студенттердің зияткерлік, мәдени, адамгершілік және дене дамуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;

●  Жастар саясаты департаментінің функциялары:

  • студенттермен әлеуметтік және тәрбиелік жұмыстың тұтас тұжырымдамасы мен жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • университетте және МИТУ жатақханаларында студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу бойынша реттеуші құжаттар әзірлеу;
  • университеттегі әлеуметтік және тәрбиелік жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ оларды іске асыруды қамтамасыз ету;
  • студенттермен тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
  • оқушыларға материалдық көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Университет ректораты пәндерді оқыту сапасын арттыру, білім беру және тәрбие үдерісінің күшті және әлсіз жақтарын талдау мақсатында студенттер мен магистранттар арасында тұрақты түрде әлеуметтік сауалнамалар жүргізеді. Сауалнама нәтижелері бойынша университет басшылығына арналған талдамалық есеп дайындалып, анықталған кемшіліктерді жою және университеттің білім беру ортасын жақсарту бойынша шаралар қабылданады. Барлық сауалнамалар анонимді түрде жүргізіледі және сауалнама нәтижелері респонденттердің болашақтағы жағдайына ешқандай әсер етпейді.


METU Life

Университеттің 20 жылдығына орай алғаш рет «KAZETU Life», қазіргі «METU Life» электрондық студенттік журналы жарық көрді.

«METU Life» – Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің тыныс-тіршілігін бейнелейтін, білім беру, ғылым, оқу-тәрбие үдерістері мен жастар саясатына қатысты жаңалықтарды бір арнаға тоғыстыратын студенттік журнал. Бұл интерактивті басылым журнал оқырмандарымен бірлесіп жасалған және университетте күн сайын болып жатқан жағымды жаңалықтар мен маңызды оқиғаларды жеткізеді.

Электрондық журналдың алғашқы саны 2021 жылғы 5 мамырда жарық көрді. Біздің журнал университет жаңалықтарының жаршысы, болашақ мамандардың жетістіктерін насихаттаушы және студенттік өмірдің қызықты сәттерінен сыр шертетін жарқын естелікке айналады.





Нормативтік құжаттар

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы
Қазақстан Республикасының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңы
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Сапа саясаты мен мақсаттары
ХИТУ-дың академиялық саясаты
Тәрбие жұмысы
«Халықаралық инженерлік- технологиялық университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
ХИТУ академиялық әділдік саясаты
ХИТУ оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің ар-намыс кодексі
ХИТУ студентінің ар-намыс кодексі
«Эдвайзер-куратор туралы» ереже

Байланыстар

+7 (701) 485 53-76
Ғимарат №1, Кабинет 63