Главная Новости ҚазИТУ студенттері “Бірлік - береке бастауы” байқауында жеңіске жетті.
27 қазан 2021                  319020
ҚазИТУ студенттері “Бірлік - береке бастауы” байқауында жеңіске жетті.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде  «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі “Бірлік - береке бастауы” жобасы бойынша қортынды іс-шарасы өтті. Жобаның мақсаты – Қазақстан халқының, түрлі этнос өкілдерінің өзара достығын нығайту, өзге этностар арасында қазақ мәдениеті мен тілінің қолданыс аясын арттыру.

Іс-шараға ҚазИТУ ректоры Г.Сарсенбекова, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің президенті Арман Әубәкір бастаған бірлестік ұжымы, белгілі мәдениеттанушы Бердалы Оспан  және университет пен колледж студенттері қатысты. 

Сондай-ақ шараға арнайы «Алматы» телеарнасы мен бірнеше ақпараттық порталдар қолдау көрсетті.

 Шара аясында әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы түрлі этнос өкілдері арасында Абай шығармаларын мемлекеттік тілде мәнерлеп оқу бойынша бейне-челленджге және қазақ композиторлары мен ақындарының шығармаларына арналған музыкалық челленджге қатысып, жүлделі орынға қол жеткізген жеңімпаздар марапатталды.

Алдымен шараны ҚазИТУ ректоры, қауымдастырылған профессор Г.Сәрсенбекова алғы сөзімен ашып,  іс-шараның білім алушыларға берер тағлымы зор екенін айта кетті. Өз сөзінде «Абайдың даналығымен, өлеңімен қаруланатын болса, онда өркениеттілік те, өсу де сапалы білім де бәрі біздің жастардың бойынан табылатындығы сөзсіз, Бүгінгі іс-шараның осы құндылықтарды жастар бойына сіңіру үшін берері мол», – деді Гүлнәр Әлібекқызы.

Келесі болып сөз тізгінін алған «Адырна»  ұлттық-этнографиялық бірлестігінің президенті Арман Әубәкір бірінші мамыр күні жарияланып, бүгінге дейін бейне-челленджге еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі этнос өкілдері #Бірлігіжарасқанел хештегі арқылы онлайн қатысқан. байқаудың ұйымдастырылу барысы мен маңызын атап өтті. 

Аталмыш байқау жеңімпаздарын белгілі мәдениеттанушы, шараның арнайы қонағы Бердалы Оспан марапаттады.

Челленджге қатысқан ҚазИТУ студенттері:

-Жуков Илия - мәнерлеп оқу бағыты бойынша  Абайдың қарасөзін жатқа оқып 1-орынды иеленсе , 2-орын Ким Юлияға бұйырды.

-Саятбакиева Сайара – музыкалық бағытта қатысып 1-орын жеңімпазы атанса Кощугулова Сабрина мен Мельникова Эвелина қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай республикамыздың басқа да аймақтарынан қатысқан байқау жеңімпаздары да арнайы дипломмен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бердалы Оспан байқау жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тіледі. Арнайы ҚазИТУ ұжымына алғыс білідріп өз сөзінде «Бүгінгі ҚазИТУ студенттеріне қарап көңілім толып ҚазИТУ-да оқығым келіп кетті. Барлығы шетінен өнерлі, дарынды студенттер. Сіздерге тек сәттілік тілеймін!»-деп жылы лебізін білдіріп, арнайы ән шашуын жолдап көрермендер көңілін бір серпілтіп тастады.

Сондай ақ іс-шарға қолдау көрсеткені үшін ҚазИТУ ұжымы мен өз өнерлерін көрсеткен студенттер: Керей Жандарбек, Базархан Қонысбек, ұйымдастыруға ат салысқан Жастар саясаты департаментінің мамандары алғыс хаттармен марапатталды.