Главная Новости ҚазИТУ-да «Қазақ білімінің, ғылымының және техника мәдениетінің рухани ділдік жаңғыруы» атты халықаралық конференция өтеді
3 желтоқсан 2021                  318967
ҚазИТУ-да «Қазақ білімінің, ғылымының және техника мәдениетінің рухани ділдік жаңғыруы» атты халықаралық конференция өтеді

Бүгінде ел тәуелсіздігін сақтап, қазақ елін әлемнің озық елдері қатарына қосып, қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық сананы жаңа белеске көтеру мақсатында Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала аясында атқарылған қызмет ұшан теңіз.

    Аталмыш бағдарламаны негізге ала отырып, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен университеттің құрылғанына 20 жыл толуына орай «Қазақ білімінің, ғылымының және техника мәдениетінің рухани ділдік жаңғыруы» атты онлайн формата халықаралық конференция өтеді.

   Халықаралық конференция  жұмысына,  алыс жақын шетел мемлекеттерінің ғалымдарымен қатар,  еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамы, студенттер мен жас ғалымдар  қатысады.

   Конференция барысында Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің , ғылымының және білімінің рухани жаңғыру философиясы мен тарихы, Қазақстанның және әлемнің ғылыми техникалық дамуының жаңа парадигмасы  мен басқа да,  алуан түрлі тақырыпта баяндама жасалады.