Главная Новости Университет басшысы Студенттік ректормен кездесті
25 қараша 2022                  319026
Университет басшысы Студенттік ректормен кездесті

25 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры  Г.А.Сарсенбекова жуырда сайланған жаңа Студенттік ректор, Экономика және қаржы кафедрасының 2 курс студенті М.А.Келдібековпен кездесті. Кездесуде университет басшысы Студенттік ректорды жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы  университеттегі білім жүйесін жаңғырту, жастардың ғылыми ізденістері мен шығармашылығын дамыту, Студенттік ұйымдардың стратегиялық даму  бағытының  2022-2023 оқу жылына арналған жоспарларымен қысқаша таныстырды.

Кездесу ашық диалог түрінде өтті. Университет ректоры Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің басты назарында білім беру үдерісінің сапасы, студенттердің ғылыми қызметіне ерекше көңіл бөлу, тұрмыстық-әлеуметтік бақылау, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, академиялық құқық бұзушылықпен күрес, құқықтық бақылау екендігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар , «Біздің университетте нәтижеге бағытталған басқару жүйесі жұмыс жасайды. Және ғылым мен білімді дамытуға барлық жағдай жасалған», - деді ректор.

Студенттік ректор тарапынан қойылған бірде бір сұрақ университет басшысының  назарынан тыс қалмады. Кездесу соңында алда атқарылатын ірі жобалар талқыланып, пікір алмасу болды.