Главная Кафедры Техника и технологии пищевых производств Новости кафедры Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Ботаника және фитоинтродукция институты әріптестігі - сапалы мамандар дайындаудың сенімді жолы
24 январь 2023                  1353
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Ботаника және фитоинтродукция институты әріптестігі - сапалы мамандар дайындаудың сенімді жолы

Жуырда Халықаралық инженерлік – технологиялық университеті басшылығы мен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Ботаника және фитоинтродукция институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшылығы арасында кездесу өтті.

 

Кездесу барысында Халықаралық инженерлік-технологиялық университет ректоры Гүлнәр Әлібекқызы, осы салада мамандар дайындап жатқан факультеттер жұмысы жайлы айта келіп, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының докторы Гүлнәр Тоқбергенқызы басшылық етіп отырған институтпен  бірлескен ғылыми-инновациялық жобаларды жаңа бағытта дамыту бойынша ұсыныс-пікірлерді талқылады. Алдағы уақытта  сапалы маман даярлау мақсатында,   университет студенттері жүйелі түрде "Ботаника және фитоинтродукция институтында"  білімдерін тәжірибемен ұштастырып, институттың  белгілі ғылыми қызметкерлерінің арнайы дәрістерін өткізуі туралы шешім қабылданды.

Бүгінде институт ботаника және фитоинтродукция саласында әлемдік ғылымның жетістіктерін ескере отырып, іргелі және қолданбалы инновациялық зерттеулер жүргізумен айналысады. Институт аумағына жалпы ауданы 103,6 га болатын Бас Ботаникалық бақ, Жезқазған және Іле ботаникалық бақтары, сондай-ақ 2018 жылы Астанада құрылған ботаникалық бақ кіреді.

Жиын соңында тараптар екіжақты келісімшартқа қол қойып, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми орталықтар, зертханалар негізінде бірлескен жобалар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жоғары білікті кадрларды бірлесе даярлауға уағдаласты.