2025 жылғы 27 ақпанда университетімізде «Жаһандық студенттік көшбасшылық: даму, әсерi, әрекет»
атты Халықаралық студенттік көшбасшылар
форумы өтті. Бұл форум Студенттік
өзін-өзі басқару жылына орай ұйымдастырылды.
Форум әртүрлі елдерден келген
белсенділерді, жас көшбасшыларды және студенттік ұйым өкілдерін бір алаңға
жинады. Іс-шара барысында қатысушылар студенттік өзін-өзі басқарудың дамуы,
тәжірибе алмасу және жастар көшбасшылығы саласындағы табысты бастамалар
тақырыптарын талқылады.
Форум бағдарламасына панельдік пікірталастар, шеберлік сыныптары
және тәжірибе алмасу сессиялары кірді. Ерекше назар қазіргі әлемдегі
көшбасшылық, студенттік ұйымдардың қоғамдағы рөлі, сондай-ақ жастар мен
мемлекеттік және халықаралық институттар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне
аударылды.
Ұйымдастырушылар қатысушылардың белсенділігін жоғары бағалап, мұндай іс-шаралардың азаматтық қоғамды қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. Форум студенттік көшбасшылардың өзара ынтымақтастық және пікір алмасу алаңына айналып, жастар бастамаларының дамуына үлес қосты.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жаңа кездесулерді асыға күтеміз!