Главная Новости «Тәуелсіздік туралы мен не білемін?» тақырыбында викторина өтті
14 желтоқсан 2020                  318816
«Тәуелсіздік туралы мен не білемін?» тақырыбында викторина өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай колледж студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік туралы мен не білемін?» тақырыбында викториналық ойын өткізілді. Ойынды ҚазИТУ колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Исатай Арайлым Махажанқызы жүргізді. Викторина кезінде Елбасымыз бен еліміздің тарихы жөнінде сұрақтар қойылды. Студенттер ел тарихын жақсы білетінін көрсетіп, сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Викторина соңында белсенділік танытып, көзге түскен студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.