Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Жоғары деңгейде өткен қалалық ғылыми – тәжірибелік конференция
04 наурыз, 2017                  318738
Жоғары деңгейде өткен қалалық ғылыми – тәжірибелік конференция
2017 жылдың 10 ақпан күні Алматы қазақ – түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінде Жоғары Басқару органы, Алматы қаласы білім басқармасы, Алматы қаласы колледждер қауымдастығы, Қалалық әдістемелік кабинет бірігіп ұйымдастырылған «Шет тілінде оқытуда инновациялық әдіс -тәсілдердің озық тәжірибелерін пайдалану» атты қалалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты: колледжде шет тілдерін оқыту әдістері бойынша бәсекеге қабілетті маман даярлауда, жаңа технологияларды ендіру арқылы педагогикалық ұжымның шығармашылық кәсіби шеберлігінің оқу сапасын арттыруға ұйытқы болу.

Конференция жұмысына университетіміздің Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушылары: С.Р.Жақанова және М.М.Чаяхметова қатысты. Таңдалған тақырыптар бойынша баяндамаларын жоғарғы деңгейде қорғап шықты. Қорытынды мәжілісте қатысушыларға сертификат тапсырылды.