Главная Новости Студенттер арасында "JUST DARYN" атты зияткерлік бейне-байқау өтті
12 сәуір 2021                  319036
Студенттер арасында "JUST DARYN" атты зияткерлік бейне-байқау өтті

12.04.2021ж. күні ҚазИТУ  колледжінде «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының топ студенттері арасында, арнайы пәндер оқытушысы  А.А.Капарованың жетекшілігімен "JUST DARYN" зияткерлік бейне-байқауы өтті. Бейне-байқау 3 кезеңнен тұрды:

І. "Ойлы болсаң, озып көр"

ІІ. "Ақиқат жеңер жалғанды..."

ІІІ. "TOP V" шығармашылық кезеңі.

Бұл сайыста әділ баға беріп, номинациялар тағайындауға: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – О.М.Төленді, ҚазИТУ колледжінің әдіскері - А.Б.Ақланова, Техника ғылымдарының магистрі, оқытушы - А.С.Ерніс сынды төрешілер өздерінің әділ бағаларын айтып, пікірлерін білдірді .

Аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей номинацияларға ие болды:

1-топ. (Б.Тимур, М.Ажар, Т.Дильназ)  "Үздік видеоролик"

2-топ. (А.Аяулым., А.Диана және С.Аяулым) "Үздік эксперимент"

3-топ. (А.Зұлқия., Е.Сымбат және Ж.Ақниет) "Үздік топ"

Үш топқа бөлініп, жарысқа түскен студенттер сұрақтарға жауап беріп, видеоролик көрсетіп байқауға жақсы дайындықпен келгендерін дәлелдеді. Жарыс тартысты, әрі қызықты өтті.