Құрметті Қонақбаева Айдана Асқарқызы!
Сізді METU университетінің студенттік ректоры болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – сіздің көшбасшылық қабілетіңіздің, еңбексүйгіштігіңіз бен белсенділігіңіздің айқын дәлелі. Сізге жаңа қызметіңізде үлкен жетістіктер, жауапкершілігі мол қызметте табыс, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын бастамалар тілейміз. Университет студенттерінің игілігі үшін атқаратын жұмыстарыңыз сәтті болсын! Алдағы уақытта да білім мен ғылым жолындағы талпыныстарыңыз жоғары белестерге жетелей берсін!