Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Театр күні ерекше мәнмен аталып өтті. Бұл мәдени шара аясында студенттер мен эдвайзерлер «МАМА» қойылымының премьерасын тамашалады.
Қойылым көрермендерге терең эмоция мен әсерлі ой салды. «МАМА» спектаклі ананың мейірімі, махаббаты мен құрбандығы туралы сыр шертіп, көрермен жүрегіне жол таба білді. Студенттер мен оқытушылар қойылымнан ерекше әсер алып, театр өнерінің маңыздылығын тағы бір мәрте сезінді.
Бұл шара университет жастарының мәдени дамуына ықпал етіп, театр өнеріне деген қызығушылықты арттырды. Алдағы уақытта осындай мәдени іс-шаралар дәстүрлі түрде жалғасатын болады.