5Білім беру бағдарламаcыЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА |
74%Профессор - оқытушылар құрамыныңДәрежесі |
85%Біздің түлектеріміздіжұмысқа орналастыру |
"Экономика және бизнес" кафедрасы 2001 жылы, "Экономикадағы ақпараттық және инновациялық технологиялар", "Есеп және аудит", "Қаржы", "IT Маркетинг" және "Туризм" оқу бағдарламалары бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары білімді мамандарды дайындау мақсатында құрылды. Қазіргі кезде кафедраның басты мақсаты оқытудың жаңа әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, нарықтық экономика саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады. Кредиттік технология аясында оқу үрдісіне интерактивті тақтаны, мультимедиялық бейнепроекторларды қолдана отырып, оқытудың заманауи инновациялық және ақпараттық түрлері енгізілуде. Кафедрада оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету өте жоғары деңгейде. Оқу аудиториялары оқытудың техникалық құралдарының қажетті тізбесімен жабдықталған. Оқытушылар практикалық сабақтарды өткізу кезінде оқытудың прогрессивті әдістерін қолданады (кейс-стади әдісі, тренингтер, интерактивті оқыту, тақырыптық ойындар және т.б.).
Білім алушылармен практикадан өту үшін олардың мақсаттары мен міндеттерін, студенттер мен жетекшілердің жауапкершілігін қамтитын әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар әзірленді, олар өтетін жерлерде зерделеу үшін сұрақтардың тізбесі, белгіленген тақырыптар мен мәселелерді танысу мен зерделеудің күнтізбелік жоспары ұсынылған. Кафедра оқытушылары үнемі барлық халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, форумдарға, сонымен қатар жетекші консалтингтік, қаржылық компаниялардың семинарларына қатысады. Сонымен қатар, оқытушылар біліктілікті арттыру курстарына қатысу, өз бетімен білім алу, өзара сабаққа қатысу арқылы өз біліктілігін арттыру бойынша үнемі жұмыс істейді, оларды кафедраның оқу-әдістемелік семинарларында талқылайды, пәндер бойынша жекелеген тақырыптардың мәселелерін зерттейді, оларды жетілдіру бойынша жұмыс істейді, соңынан ғылыми басылымдарда мақалалар жариялайды.
Экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит саласында нарықтық жұмыс істеу білетін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық даму мәселелерін шешуге қатысуға, аналитикалық ойлау әдістерінің құзыретін дағдыларындыруға мүмкіндігі бар жоғары білікті мамандарды дайындау.