Басты бет Студенттерге Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық дегеніміз - бірлескен білім беру, зерттеу бағдарламасы аясында, сондай-ақ екіжақты келісімдер негізінде білім алушының немесе қызметкердің белгілі бір кезеңге басқа білім беру немесе ғылыми мекемеге (өз елінде немесе шетелде) ауысуы.

Ұтқырлық бағдарламасына қатысу шарттары

Ұтқырлық бағдарламасына бакалавриаттың 2-3 курс студенттері және магистратураның 1 курс студенттері қатыса алады. Соңғы курстардың студенттері ұтқырлық бағдарламасына қатыса алмайды, өйткені соңғы курста тәжірибеден өту және дипломдық жұмысты жазу талап етіледі.

Егер студент шетелде серіктес жоғары оқу орындарының бірінде оқуды жоспарласа, онда ол барлық пәндер бойынша жақсы үлгерімге және шет тілін меңгерудің жоғары деңгейіне ие болуы керек.

 

Қаржыландыру

Студенттер қосымша қаржыландыру көздерін өз бетінше іздеп, гранттарға өтініш бере алады, сондай-ақ серіктес университеттер немесе басқа елдердің білім министрліктері беретін сыртқы гранттарды алу мүмкіндігі бар.

________________________________________

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына өтінім қабылдау мерзімі

  • Күзде көктемгі семестрге өтінімдер беріледі.
  • Көктемде күзгі семестрге өтінімдер беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың нақты күндері университет сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылатын болады.

 

Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі

 

  • Шетелде оқуға негіздеме-өтініш (еркін нысанда) ;
  • Жеке оқу жоспары;
  • Ұсыныс хаттар (бар болса);
  • Транскрипт;
  • Тілдік сертификат (IELTS);
  • Жарияланымдар, дипломдар, грамоталар және т. б. көшірмелері (бар болса);
  • Шетелдік ЖОО-ның ресми шақыруының көшірмесі (бар болса).