Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында, ҚазИТУ- да «Жыр атасы-Жамбыл» атты жыр кеші өтті
29 қараша 2021                  318918
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында, ҚазИТУ- да «Жыр атасы-Жамбыл» атты жыр кеші өтті

  26 қараша күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы көптілді бағдарламаға орай Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр атасы-Жамбыл» атты жыр кешін өткізді. Студенттер Жамбыл бабамыздың өлеңдерін үш тілде жырлап, кештің танымдық, тәрбиелік мәнінің зор екенін көрсетті. Шынайы шындықтың көркем суреткері Жамбыл атамыздың шығармашылығына арнаған кеш өте әсерлі де, мәнді болды. Университет студенттері:  есеп және аудит мамандығының студенті Қаткелді Аяулым ақын өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы видео сюжет, финанс мамандығының студенті Фролова Алина «Жайлау», Қалдыбек Дархан ТМО «Алатау», Асанова Аяулым туризм, «Богат Алатау», Даулетхан Нұрай туризм, «Қазақстан» жырлары  ақын шығармашылығының ажарын аша түсті. Ақын жырларын Бауыржанқызы Аружан, Мамырзакова Меруерт, Нұрлан Әлминалар  ағылшын тілінде жеткізіп көпшіліктің көңілінен шықты. Кафедраның қауымдастырылған профессоры Р.Ш.Абдисулейменованың басшылығымен ұйымдастырылған кешке кафедра меңгерушісінің орынбасары А.Б. Нұртазаева, оқытушылар  Р.Д. Абилова, З.Р. Ултарақова, Қ.Н.Шохаевалар қатысып, кеш соңында студенттерге ризашылығын білдірді.