Главная Новости ЕТАжК кафедрасының студенттері Dev C++ 5.11 бағдарламасын өңдеудің озық жолдарын меңгерді
9 қараша 2022                  319363
ЕТАжК кафедрасының студенттері Dev C++ 5.11 бағдарламасын өңдеудің озық жолдарын меңгерді

2022 жылдың 9 қараша күні «Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының лекторы, педагогика ғылымдарының магистрі К.А Жолшиева.,  «Массивтер» тақырыбы бойынша   Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасының 2 курс стденттерімен  интерактивті тақтаны және интернет ресурстарын тиімді пайдалана отырып, ашық сабақ өткізді. 

Ашық сабақ жоспарында көрсетілген Dev C++ 5.11 бағдарламаны өңдеудің кіріктірілген ортасында бір өлшемді, екі өлшемді массивтермен жұмыс жасауға арналған арнайы функциялар мен амалдарды қолдана отырып программаны құрастыру бойынша білім алушыларға ақпарат берілді.

Оқытушы сабақ барысындағы материалдарды еркін меңгере отырып, бар тұжырымдамаларды дәлелдеуге мысалдар келтіріп, студенттермен кері байланыс орнатты.  Ашық сабаққа кафедра оқытушылары қатарынан дәріскер  А.К. Нурмагамбетова қатысып, оқытушылар өзара тәжірибе алмасты.