Главная Новости The "Winter School" week has started at the International University of Engineering and Technology
13 january 2023                  1055
The "Winter School" week has started at the International University of Engineering and Technology

9 қаңтардан бастап Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде оқытушылардың біліктілігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу мақсатында қысқы мектеп жобасы өтуде. Аталған жоба жұмысында университет оқытушылары бір-бірімен пікір бөлісіп, жаңа идеяларды талқылап, ғылыми зерттеу әдістерін игеруде, жаңа оқу бағдарламаларын жетілдіруде тәжірибе алмасатын болады.

Екі аптаға жуық уақытқа созылатын мектепте күнделікті форсайт сессия, тренингтер, шеберлік сабақтары, тақырыптық дәрістер оқылатын болады. Қысқы мектепке 200-ге  жуық оқытушы қатысуда. Диалог алаңында қатысушылар спикерлермен бірге білім беру саласындағы ІТ технологияның қолданылуы, білім бағдарламаларын әзірлеудің негізгі аспектілері, ғылыми жобаларды коммерцияландыру, интернет психологиясы, трансформациялық ойын, зерттеу дағдыларын дамыту, академиялық жазу және тағы да басқа тақырыптарда өзекті мәселелерді талқылайды.

Университет ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова аталған жобаның маңыздылығына тоқталып , «Биыл университетімізде «Қысқы мектеп» жобасы ерекше форматта өтуде. Мақсат – оқытушыларымызға кәсіби дамуға және диалогтік алаңда бір-бірімен тәжірибе алмасуға жағдай туғызу. Өзара тың идеялармен бөлісіп, жаңа дағдыларды игеруде бұл жоба оқытушыларға пайдалы болатынына сенімдімін!, – деді университет басшысы.