Главная Новости Президент жолдауы талқыланды
04 қыркүйек 2020                  318838
Президент жолдауы талқыланды

Білім күні қарсаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды. Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінің оқытушы-профессорлық құрамы жолдауды онлайн транслация арқылы тамашалап, айтылған басты бағыттарды талқылады.

Онлайн форматтағы жиынға университет ректоры Г.Ә.Сарсенбекова, департамен басышлары мен оқытушы- профессорлық құрам қатысты.


Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауылшаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастама көтерді. Сонымен қатар, Президент білімнің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы мен ұлттық бәсекелестікке қол жеткізуде цифрландыру ісі барлық реформалардың негізгі тетігі мен басты құралына айналатындығына тоқталды.

Осы орайда ҚазИТУ басшылығы мен оқытушы-профессорлық құрамы еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан, студенттерге үздіксіз әрі сапалы білім беру бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеп, жаңа оқу жылын табысты бастады. Университетте қашықтықтан оқыту жүйесі тиімді ұйымдастырылып, оқытушылар сабақ өтуіне қажетті техникалық құрал- жабдықтармен барынша қамтамасыз етілді.