Главная Новости 22 қыркүйек тілдер мерекесі
22 қыркүйек 2020                  318838
22 қыркүйек тілдер мерекесі

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы" Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді.

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

Тілдер мерекесіне орай колледжімізде онлайн іс-шара өткізілді. Іс-шара үш тілде жүргізіліп, қазақ тілінен өзге тілдерде де өлеңдер оқылып, әндер айтылды. Құттықтау сөз кезегі колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Төленді Олжас Маратұлына берілді.

Колледждің қоғамдық істеріне белсене араласып жүрген студентіміз Тұрсынбаева Меруерт Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін оқыды. 1 курс студенті Асет Арсен «Bella ciao» итальян әнін орындады, сонымен қатар қазақ тіліне қатысты әндер айтылып, өлеңдер оқылды.