Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры ҚазИТУ колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті
18 наурыз 2021                  319089
ҚазИТУ колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

2021 жылдың наурыз айының 18-і күні ҚазИТУ колледжінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа, қоғам мүдделеріне деген сатқындыққа қарсымыз!» тақырыбында бейнеконференция өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы шақырылды. Бейнеконференцияға ҚазИТУ колледжінің оқытушылары мен студентері қатысты.

Бұл кездесудің мақсаты: қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне теріс қарым-қатынасты қалыптастыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу. Осы мәселеге қатысты креативті ойлайтын, білімді, өз пікірі мен нық ұстанымы бар тұлғаларды тәрбиелеу.

Кездесу барысында студенттер мен оқытушыларға жемқорлық сияқты қоғамға жат  мәселені  талқылай келе,  жемқорлықпен  бірігіп күресу керектігін және  бұл ретте жастар негізгі қозғаушы күш екендігін атап өтті.

Қорыта келе, кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңдардағы өзгерістердің негізгі ережелері талқыланды. Осы мәселе бойынша алда көптеген жұмыстар атқарылу керек екендігін түсіндірді.