Главная Студентам Студенческие новости «ҚазИТУ-да» ашық аспан астында кино кеші өтті
12 қыркүйек 2022                  318897
«ҚазИТУ-да» ашық аспан астында кино кеші өтті

 12  қыркүйекте Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері ашық аспан аясында кино тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Жастар Ұйымдары Комитеті ұйымдастырған кино көрсетілімнің алдында әлеуметтік желіде сауалнама жүргізіліп, соңғы уақытта жарық көрген әлемдік кино туындылар ішінен үздік дауыс жинаған фильмді Студенттер үйінің жасыл алқабында тамашалады. Кеш барысында қызықты викориналық сұрақтар  мен спорттық ойындардан жарыстар өтті. Кино кешіне келген студенттер көтеріңкі  көңіл-күймен  шара соңына дейін белсенді қатысты.

«Осы іс-шараны ұйымдастырып, қолдау көрсеткен университет ұжымына алғысымыз шексіз, студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануына үлкен үлес қосып жатыр. Ашық аспанда кино көру атмосферасы керемет болды, өзімізге жаңа дос таптық, барлық студенттер бір-бірімен танысып мәре-сәре болды. Ең бастысы таза ауада, денсаулыққа пайдасы да мол болды»- деді 1-курс студенті Шырын Ришатқызы.