Главная Новости ҚазИТУ-да "Термодинамикалық потенциалдар. Химиялық тепе-теңдік" тақырыбында ашық сабақ өтті
10 қазан 2022                  319654
ҚазИТУ-да "Термодинамикалық потенциалдар. Химиялық тепе-теңдік" тақырыбында ашық сабақ өтті

2022 жылғы 29 қыркүйекте "Жаратылыстану-ғылыми пәндер" кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р. Г. Кондауров "Физикалық және коллоидтық химия" пәні бойынша ашық сабақ өткізді. "Термодинамикалық потенциалдар. Химиялық тепе-теңдік" тақырыбында өткен сабақ барысы интерактивті панельді қолдану арқылы жүргізілді. Оқытушы аудиториямен үнемі байланыста болуға негізделген оқытудың белсенді әдістерін қолданды. Нәтижесінде студенттердің жаңа материалды игерудегі белсенділігі артты. Оқытушы сонымен қатар студенттерге зертханалық жабдықта жұмыс істеу негіздерін көрсетті. Аталған ашық сабаққа "Жаратылыстану-ғылыми пәндер" кафедрасының оқытушылары, қауымдастырылған профессор Е. А. Мельников, дәріскер Г. Ж. Турсбекова қатысып, өзара тәжірибе алмасты.