Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Бухгалтерлік есеп бойынша халықаралық студенттік олимпиада жоғары деңгейде өтті
21 сәуір 2023                  967
Бухгалтерлік есеп бойынша халықаралық студенттік олимпиада жоғары деңгейде өтті

        2023 жылы 20 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде бухгалтерлік есеп бойынша халықаралық,  жоғары оқу орындары арасында студенттік олимпиада өтті. Аталған шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің 8 жоғары оқу орнынан 18 команда қатысты.

Олимпиаданың ашылу салтанатына Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Ә. Сәрсенбекова қатысып, құттықта сөз сөйледі. Ректор өз сөзінде, «Бұл іс-шара бухгалтерлік есеп және салық салу саласындағы кәсіби құзыреттіліктердің дамуына ықпал етеді, студенттердің алған теориялық білімдері мен дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік беріп қана қоймай,  сол арқылы еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.  Олимпиада студенттердің зерттеушілік әрекетін ғана емес,  сонымен қатар болашақ экономистердің, болашақ мамандығына қажетті шығармашылық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді» - деді.

 

Жалпы саны 54 студент қатысқан халықаралық олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар «Бухгалтерлік есеп» пәнінен тест тапсырса, ал екінші кезеңде «Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша эссе жазып, қорғады.

         Олимпиада жұмысын қорытындылай келе қазылар алқасы ережеге сай баға беріп,  жеңімпаз - командаларды анықтады. Жеңімпаздарға «Консалтинг Сервис» ЖШС бас бухгалтері А.Н. Чалиева ,халықаралық олимпиадаға қатысқаны үшін диплом табыстаса, халықаралық байқауға қатысу сертификаттарын кафедра меңгерушісі Ж.Т. Дильдебаева, профессор А.Н. Токсанова, қауымд. профессор Н.И. Габдуллин келесі жоғары оқу орындарының командаларын дипломдармен марапаттады:

I-дәрежелі дипломмен –Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Университетінің «Жалын» командасы марапатталды.  (баллы-193,3)

II-дәрежелі дипломмен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Fly»  командасы марапатталды.  (баллы-192,5)

II-дәрежелі дипломмен М.М.Адышев атындағы Ош техникалық университетінің (Қырғызстан)  «Balance.oshtu»  командасы марапатталды.  (баллы-181,67)

III-дәрежелі дипломмен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Дайын өнім»  командасы марапатталды.  (баллы-180,0)

III-дәрежелі дипломмен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Налоговые агенты»  командасы марапатталды.  (баллы-179,5)

III-дәрежелі дипломмен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Қазына»  командасы марапатталды.  (баллы-177,5)

Әр студентке олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаттар берілді. Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, дамытқаны және студенттерді олимпиадаға дайындағаны үшін ғылыми жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.