Главная Новости Университет ректоры мектеп, колледж директорларына Coursera сертификаттарын табыстады
27 сәуір 2023                  876
Университет ректоры мектеп, колледж директорларына Coursera сертификаттарын табыстады

27 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Алматы қаласы мен Алматы облысының мектеп, колледждерінің басшыларына арналған білім беру жүйесіндегі менеджментті арттыру бойынша біліктілікті арттыру курсының алғашқы легі аяқталды.

Бұл іс-шараны университет мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұғалімдердің даярлық деңгейін арттыру үшін пәрменді шаралар қабылдау және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға басымдық беру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткізді.

 Мектеп және колледж басшыларына арналған «Менеджмент негіздері» біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы жетекші шетелдік университеттердің (University of California Irvine, USA; University of Queensland, Australia; University of Surrey, UK) материалдары негізінде өткізілді.

 

 Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға 72 сағаттық сертификаттар табысталды. Курс соңында қатысушылар аталған шараға қатысты пікірлерімен бөлісті. Соның ішінде Назира Бауыржанқызы, «Курс мен үшін жарқын болашаққа жаңа қадам басу болды» десе, келесі қатысушылар  «Өмірімізге рухани азық алып, кәсіби, өмірлік тәжірибемізге біраз өзгерістер алдық», «Курс оқытушыларының жаңашылдығы, өз елінің болашағы үшін атқарып жүрген жұмыстары, білімділіктерімен мені қуантты. Курстың әр күні мен үшін жаңа ақпараттармен толы болып, курсқа қатысқаныма риза болып қайтып жүрдім», «Курс оқытушыларының тәжірибесі мол, өмірлік көзқарасы, ойлау қабылеттері ауқымы өте әсерлі болды. Патриотизмге, азаматтық ұстанымдары да қатты ұнады. Курс форматы мен мазмұны , материалды ұсынуы көбіне тікелей пікірталас түрінде өтті. Оларды көбірек тыңдай бергім келіп, сабақтың қалай өткенін білмей қалып жүрдім», «Курс өткен аудиториялар өте ыңғайлы, жаңа үлгідегі мультимедиялық компьютерлік техникамен толық қамтамасыз етілген. Ұйымдастырушылардың қатысушыларды есіктен кіргеннен мән беріп, оқу аудиториясына дейін жол сілтеп, күтіп алып, шығарып салуы, мәдениеттілігі, әріптестермен қарым-қатынасы да өте керемет!» - деп, тілектерін білдірді.

Университеттің алға қойған игі бастамасы үлкен табыспен өз мәресіне сәтті жетті. Келесі кезекте курстың екінші легін жалғастыру бойынша нақты тапсырмалар қойылып, жоспар бекітілді.