|
60%Профессор - оқытушылар құрамыныңДәрежесі |
90%Біздің түлектеріміздіжұмысқа орналастыру |
«Инженериядағы smart технологиялар» кафедрасы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің жетекші кафедраларының бірі.
Кафедра оқытушылары жоғары білікті мамандардан тұрады: ғылым докторлары, профессорлар, корреспондент мүшелері және академиктер.
"Инженериядағы smart технологиялар" кафедрасының негізгі мақсаты қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-әдістемелік қызметін үнемі жетілдіру негізінде, тұтынушылардың талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
• кафедраға бекітілген пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйымдастыру және студенттердің негізгі білім беру бағдарламаларына сәйкес диплом алдындағы практикадан өтуі;
• пәндердің мазмұны мен оқыту сапасын бақылауды жүзеге асыру, барлық білім беру бағдарламалары бойынша оларды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
• үздік оқытушылардың жұмыс тәжірибесін зерттеу, қорыту және тарату, жас оқытушыларға педагогикалық шеберлікті меңгеруге көмек көрсету;
• кафедраның ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру;
• кафедра қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерді ынталы тәртіпте, сондай-ақ гранттық қолдауға, бюджеттік және бюджеттен тыс шарттарға сәйкес ұйымдастыру және жүзеге асыру;
• студенттердің, оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, экономиканың өзекті мәселелері және оқытудың жаңа технологияларын енгізу мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
• ХИТУ білім беру әлеуеті негізінде студенттермен тәрбие жұмысын жүзеге асыру.